
«Химия» кафедрасы  |   Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
03.05.2019 
«CHEM. PARTY» химиялық мерекелік кеш 
 2019 жылдың 30 сәуірінде Жаратылыстану және география институтында Химия кафедрасының аға оқытушысы Жанар Жақсибаеваның жетекшілігімен «5В011200-Химия» мамандығының қазақ, орыс және ағылшын бөлімдерінде оқитын 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «CHEM. PARTY» химиялық мерекелік кеш өтті. 
 
 «CHEM. PARTY» кешінде әсерлі ән, флешмоб би шашу, түрлі химиялық эксперименттер, сиқыршының таңғажайып фокустары, жарасымды әзіл-қалжыңдар, көрермендермен көңілді ойындар болды. Қызыл кілемде танымал химиялық элементтердің шеруі өтті. Студенттердің көрсеткен түрлі-түсті химиялық эксперименттері көрермендерді ерекше таңқалдырды. 
 Кеш соңында студенттер профессор-оқытушыларды марапаттап, қошемет көрсетті. Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі кеш болды. Кеш қонақтары дән риза болып, үлкен әсер алып қайтты. 
 
 
 
 
 
 
 Кері оралу  | 
| 
 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
  | 
 Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
  | 
 «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
  |