қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2025

Химия кафедрасында «»Химиялық әлемнің тоғысы» атты интеллектуалды квест-сайыс өтті


2025 жылдың 20 қараша күні Жаратылыстану және география факультетінің Химия кафедрасында «Химиялық әлемнің тоғысы» атты интеллектуалды квест-сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа «6В05301-Химия» мамандығында білім алатын 2 және 4 курс студенттері қатысып, өздерінің теориялық білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және кәсіби құзыреттіліктерін көрсетуге мүмкінкіндік алды.


Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің химияның түрлі салаларындағы (биоорганикалық химия, экологиялық химия, мұнай химиясы) білімдерін интеграциялау арқылы ғылыми ойлауын дамыту, аналитикалық және зерттеушілік қабілеттерін арттыру, сондай-ақ командалық жұмыс, логикалық ойлау және шығармашылық шешім қабылдау дағдыларын жетілдіру болды.

 

Сайыс 4 кезеңнен тұрды:

І кезең – «Химиялық әлемге қақпа». Бұл кезеңде қатысушы командалар өз атауларын, топ мүшелерін және ұрандарын шығармашылық түрде таныстырды. Командалар сайыстың бастауына серпін беріп, ұйымшылдық пен дайындық деңгейін көрсетті.

ІI кезең – «Өмірдің химиясы». Бұл кезең 2 бөлімнен тұрды

- «Биоквест» бөлімінде қатысушылар аудиторияда жасырылған карточкаларды тауып, сұрақтарға жауап беру арқылы кілт жинап, биоорганикалық химияға қатысты дұрыс анықтама құрастыруы қажет болды.

- «Молекуланы таны» бөлімінде әр команданың топ басшысына 15 термин берілді. Ол терминдерді 2 минут ішінде команда мүшелеріне түсіндіру арқылы қатысушылар жылдам ойлау, командалық түсіністік және химиялық ұғымдарды жүйелі жеткізу дағдыларын көрсетті.

ІII кезең – «4 сурет 1 сөз». Бұл кезеңде мұнай химиясы мен экологиялық химияға қатысты тақтада төрт түрлі сурет көрсетілді. Қатысушылар осы суреттердің ортақ мағынасын тауып, оны бір сөзбен дұрыс атауы қажет болды.

IV кезең: «Таза болашаққа апарар есік». Бұл кезең – үш пәннің біріктірілген финалдық интеграция бөлімі. Командаларға жағдаяттық тапсырмалар беріліп, оларды әртүрлі эмоция (қуаныш, мұң, ашу, қорқыныш, ұялшақтық) арқылы рөлдік ойын форматында шешу міндеттелді.

 

«Химиялық әлемнің тоғысы» атты интеллектуалды квест-сайыс студенттердің пәндік білімдерін бекітіп қана қоймай, пәнаралық ойлау қабілетін, креативтілігін және кәсіби қарым-қатынас дағдыларын дамытуға зор ықпал етті. Іс-шара студенттер үшін білімді тәжірибемен ұштастыратын, қызықты әрі пайдалы алаңға айналды.

 

  alt=  


  alt=  

 




Кері оралу