қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2025

2025 жылдың 13 қараша күні Жаратылыстану және география факультетінің Химия кафедрасында 7М01510 – «Химия педагогтерін даярлау» мамандығының 2 курс магистранттары “Химияны оқыту әдістемесінің аллеясы” атты ашық есік күнін өткізді.


Ашық есік күнінің басты мақсаты – болашақ химия мұғалімдері мен студенттерге химияны оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері мен технологияларын тиімді пайдалану дағдыларын көрсету, тәжірибе алмасу және білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың рөлін таныстыру болды.


Шара барысында:

- Оқытушылар мен студенттер химияны оқытудың заманауи әдістері туралы қысқаша тәжірибелік баяндама тыңдады;

- Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану бұрышында цифрлық құралдар мен ЖИ-ді оқыту процесіне енгізу жолдарымен танысты;

- Ойын арқылы оқыту технологиясы бұрышында ойын әдістерін қолданудың тиімді тәсілдері көрсетілді;

- Зерттеушілік және жобалық әдіс бұрышында магистранттардың ғылыми ізденістері мен зерттеу бағыттары таныстырылды.

Ашық есік күні студенттер мен оқытушыларға инновациялық әдістерді іс жүзінде көруге және кәсіби білімдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.


  alt=  


  alt=  

 




Кері оралу