
«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
15.11.2025
Тұрақты даму мақсаттары аясында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру 2025 жылдың 13-14 қараша күндері «Химия» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Узакова А.Б., 2 курс магистранттары Қанапаш Л., Базарбай Б. жетекшілігімен 6В05301-Химия, 6В01512 – Химия-Биология мамандығының 1 және 3 курс, 3, 4 топ студенттері «Samal Water» кәсіпорнының 2-ші жаңа филиалына танымдық экскурсия жасап қайтты. Экскурсияның негізгі мақсаты – студенттердің химия мамандығына қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, табиғи суды тазарту және құю технологияларымен, өндірістегі химиялық және экологиялық бақылау әдістерімен таныстыру болды. Бұл іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен, әсіресе ТДМ 6 – Таза су мен санитария, ТДМ 9 – Инновациялар мен инфрақұрылымды дамыту, ТДМ 12 – Тұрақты тұтыну мен өндіріс бағыттарымен үйлесімді өтті. Экскурсия барысында студенттер су өндірісінің толық технологиялық циклі туралы жан-жақты мәліметтер алды. Атап айтқанда, ПЭТ бөтелкелерінің жасалуы, судың рН деңгейінің фильтрацияға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерін өлшеу, ұңғымадағы су қаншалықты тереңде, судың ішуге дайын болғанын анықтаудың ғылыми критерийлері түсіндірілді. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өндіріс процесін тұрақты даму тұрғысынан бағалау мүмкіндігін алды. Студенттер бұл сапардың болашақ мамандықтары үшін құнды тәжірибе болғанын атап өтті. Экскурсия оларды экологиялық жауапкершілікке, ресурстарды тиімді пайдалануға және жасыл технологияларға бағытталған өндірістік мәдениетті түсінуге ынталандырды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|