
«Химия» кафедрасы | Басты / Факультеттер / Жаратылыстану және география факультеті / Кафедралар / «Химия» кафедрасы / Жаңалықтар
13.11.2025
Докторанттардың педагогикалық практикасының қорытынды есебі 2025 жылдың 11 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану және география факультетінің Химия кафедрасында «8D01510-Химия» және «8D05301-Химия» мамандықтары бойынша 2-курс докторанттарының педагогикалық практикасының қорытынды есебі тыңдалды.
Докторанттардың педагогикалық практикасы − жоғары оқу орнындағы оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық қызметке кәсіби тұрғыдан бейімделуге бағытталған маңызды кезеңдердің бірі. Педагогикалық практика барысында докторанттар оқыту үдерісінің ерекшеліктерін меңгеріп, оқыту әдістемесі, білім алушылармен жұмыс жасау және ғылыми-әдістемелік қызмет дағдыларын игерді.
Семинарға кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттардың ғылыми жетекшілері мен әдіскерлері қатысты. Қорытынды есеп барысында докторанттар практикалық жұмыс нәтижелерін таныстырды, жеткен жетістіктерін көрсетті және болашақтағы жоспарларына бағыт-бағдар алды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|