қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2025

Химия кафедрасында магистранттардың педагогикалық практикасының қорытынды есебі тыңдалды

 

2025 жылдың 10 қарашасында Жаратылыстану және география факультетінің Химия кафедрасында «7М01510 – Химия» және «7М05301 – Химия» мамандықтары бойынша 2-курс магистранттарының педагогикалық практикасының қорытынды есебі тыңдалды.


Магистранттар педагогикалық практиканы 2025 жылдың 13 қазанынан 8 қарашасына дейінгі аралықта өтті. Қорытынды есеп беру отырысына магистранттардың ғылыми жетекшілері мен әдіскерлері қатысып, олардың тәжірибе барысында атқарған жұмыстарымен танысты.


Практика барысында магистранттар теориялық білімдерін іс жүзінде тиімді пайдаланып, кәсіби дағдыларын жетілдірді.

 

Қорытынды есеп барысында магистранттар өз тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы ғылыми және кәсіби жоспарларына қатысты бағыт-бағдар мен ұсыныстар алды.

 

 

  alt=  





Кері оралу