қазақша · русский · english
 
 
 
26.09.2025

 «Almaty Ustazy» байқауының ақтық кезеңі аяқталып, үздіктер анықталды

 

2025 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы қаласында шығармашыл жас ұстаздар арасында ұйымдастырылған дәстүрлі «Almaty Ustazy» байқауының ақтық кезеңі өз мәресіне жетті.

 

Бұл байқау 2021 жылдан бері жасы 36 жасқа дейінгі мектеп мұғалімдері арасында ұйымдастырылып келе жатыр. Биылғы жылы бірінші және екінші кезеңнен сүрінбей өткен 13 мұғалім финалдық кезеңге жолдама алып, «Мен - мұғалім көшбасшы» тақырыбында өздерінің авторлық жобаларын қорғады.


Байқау қорытындысы бойынша, Абай атындағы ҚазҰПУ, Химия кафедрасының түлегі, №146 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Сағынтайұлы бас жүлдеге ие болды. Оған 5 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақы мен Сингапур мемлекетінде халықаралық тағылымдамадан өтуге мүмкіндік берілді. Бұл жеңіс Нұрсұлтан Сағынтайұлының жоғары кәсібилігі мен шығармашылық еңбегінің нақты көрінісі.


Әділқазылар алқасының құрамында Абай атындағы ҚазҰПУ, Химия кафедрасы, университет профессоры Унербаева Зульфия болды. Байқау әділ өткендігін атап өту маңызды.


«Almaty Ustazy» байқауы - жас ұстаздарға қолдау көрсету және педагог мамандығының мәртебесін көтеру мақсатындағы маңызды жоба. Мұндай тәжірибе алаңында жас мамандар озық әдістемелермен танысып, заманауи педагогиканың өрісін кеңейтуге үлес қоса алады. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен жемісті еңбек тілейміз!

 


 

  alt=  


  alt=  

 




Кері оралу