«Химия» кафедрасы | ![]()
17.09.2025
Абай атындағы ҚазҰПУ мен №39 мектеп арасындағы ынтымақтастығының табысты қадамдары
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті мен №39 жалпы білім беретін орта мектебі арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясындағы бірлескен жұмыстар өз нәтижесін беруде. 2025 жылдың 15 қыркүйегінде өткен «Үздік ауыл мектебі - 2025» облыстық байқауында №39 мектеп жүлделі І орынға ие болды. Бұл жетістік - білім ордасының жүйелі еңбегінің, ұжымдық ынтымақтастықтың және сапалы білім беру ісіндегі жаңашыл қадамдардың жемісі. Университет тарапынан көрсетілген әдістемелік қолдау мен бірлескен жобалар мектептің инновациялық дамуына серпін беріп, ауылдық білім сапасын арттыруға ықпал етті.
Сонымен қатар, білім сапасын арттыруға ардагер ұстаздардың қосқан үлесі айрықша. Химия кафедрасының филиалының жұмыстарын жандандыруда профессорлар Несипхан Бектенов пен Нурлан Ахметов бастаған тәжірибелі ұстаздар белсенділік танытып келеді. Олардың ақыл-кеңесі мен қолдауы жас мамандардың өзіне деген сенімділігін арттырып, кәсіби тұрғыдан шыңдалуына және сапалы білім беру ісінің дамуына елеулі ықпал етуде.
Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымы №39 мектептің үлкен жеңісін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да өзара тиімді серіктестікті жалғастыруға ниетті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|