қазақша · русский · english
 
 
 
26.05.2025

Оқу практикасы


2025 жылдың 26 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жаратылыстану және география факультетінің 6В05301-Химия бағытындағы 1 курс студенттері оқу бағдарламасына сәйкес оқу практикасына шықты. Бұл практика студенттердің теориялық білімдерін нақты өндірістік ортада қолдануға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

 

Практика барысында студенттер Алматы қаласындағы "Керемет Су СКЕ" ТМ Самал су зауытына барды. Бұл кәсіпорын - заманауи технологиялар мен қондырғыларды қолдана отырып, ауыз су өндірісін жүзеге асыратын ірі өндірістік нысан. Зауытта экскурсия өткізілді, оны зауыт қызметкері, тәжірибелі маман Гүлнұр Ажетова таныстырды. Ол студенттерге зауыттың құрылымы, өндіріс кезеңдері мен қауіпсіздік ережелері туралы жан-жақты ақпарат берді.

 

Экскурсия барысында студенттер зауыттың сумен жабдықтау жүйесімен, сүзгілеу және тазарту технологияларымен, дайын өнімді қаптау мен сапасын бақылау процесімен танысты. Сонымен қатар студенттер өндірістік зертхана жұмысын көріп, ондағы заманауи жабдықтарды және химиялық анализ әдістерін бақылады. Бұл тәжірибе оларға химия саласындағы кәсіби білімдерін жетілдіруге, зерттеу дағдыларын шыңдауға және болашақ мамандығына қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.

 

Практика студенттердің тек білімін ғана емес, сонымен қатар ұжымда жұмыс істеу қабілетін, жауапкершілік пен кәсібилікті қалыптастыратын маңызды кезең болды. Студенттерге берілген тапсырмалар мен зерттеу жұмыстары олардың өз бетінше шешім қабылдау және тәжірибелік қабілеттерін дамытуына ықпал етті.

 

Оқу практика жетекшілері: аға оқытушы Узакова А.Б. және оқытушы Райымқұлова М.Қ.

 

Білім алушыларға оқу тәжірибені сәтті өтіп, кәсіби білімдерін арттыруда табыс тілейміз!

 

  alt=  


  alt=  





Кері оралу