Бөлім Қаржы-экономикалық департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. 
  
Экономикалық-жоспарлау бөлімінің негізгі міндеттері:  - университетті қаржыландыруды жоспарлау және оны ұйымдастыру, жыл сайынғы даму жоспарын, бағдарламаға сәйкес қызметтің барлық түрлері бойынша  кіріс пен шығыс сметаларын жасау; 
- білім беру және басқа да қызмет көрсету салалары бойынша экономикалық негізді калькуляциялар жасау, университеттің штаттық кестесін дайындау; 
- университеттің тәуелсіз активтері мен қаржысын қалыптастыру көздерін талдау арқылы оқу орнының негізгі қызметінің тиімді көрсеткіштерін анықтау. 
 Бөлімнің негізгі қызметі: -	профессор-оқытушылар құрамының, қосалқы және әкімшілік-басқару, қызмет көрсету салалары қызметкерлерінің штаттық санын анықтау және дайындау; -	бөлімдер жұмысының табыстылығы мен рентабельділігі коэффициентін анықтау үшін құрылымдық бөлімшелердің табысы мен шығысына талдау жасау; -	университеттің бюджетін жасау және оның орындалуын бақылау; -	даму жоспарына, кіріс пен шығыс сметасына ай сайын талдау жасау; -	университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп дайындау; -	заңды және жеке тұлғалармен жасасқан шарттарды дайындауға және оны жүзеге асыруға (басқа да бөлімдермен бірге) қатысу; -	мәселе туғызып отырған жағдайларды жедел шешу үшін салық және қаржылық қызметтермен бірге өзара іс-қимыл жасау; -	университеттің есеп-шотына қызмет көрсететін банкілермен өзара қарым-қатынас жасау. 
  
  
 |