қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2025

«Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру, ынталандыру және дамыту» атты ғылыми-практикалық семинар өтті


2025 жылдың 21 қарашасында Дене мәдениетінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының 2-курс студенттеріне арналған ғылыми-практикалық, интерактивті семинар ұйымдастырды. Іс-шараны PhD, аға оқытушы Орынбаева Лаура Қаныбековна жүргізді. Семинарға кафедра оқытушылары п.ғ.к. Көкебаева Р., магистр, аға оқытушылар Карибаев Ж., Қожаканов Ж. және басқа да мамандар қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты - студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылығын арттыру, зерттеу мәдениетін қалыптастыру және спорт саласында ғылыми ізденістерді дамытуға бағыт беру болды.
Іс-шара барысында қатысушылар:
• ғылыми-зерттеу жұмысының маңызы мен негізгі кезеңдерімен танысты;
• ғылыми жұмысты бастау, ұйымдастыру және тиімді әдістерді таңдау жолдарын меңгерді;
• спорт саласындағы өзекті зерттеу тақырыптарын анықтау бойынша бағыт-бағдар алды;
• топтық жұмыс арқылы практикалық тапсырмалар орындап, мини-эксперименттер жүргізіп, алынған нәтижелерді кестеге түсіру және шағын талдау жасауды үйренді.
Семинар интерактивті форматта өтіп, студенттердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттырып, олардың зерттеу жүргізу дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік берді.
Іс-шара студенттердің ғылыми әлеуетін нығайтып, спорт ғылымы саласындағы болашақ зерттеулерге деген ынтасын күшейтті.




Кері оралу