қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2025

Магистранттар педагогикалық практика барысында Заманауи сабақ өткізді


2025 жылғы 12-13 қарашада 7М01404 - дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасының дене шынықтыру теориясы және әдістемесі кафедрасының 2 курс магистранттары Қуатова Аружан, Әбдірашит Махаббат педагогикалық практикадан өту барысында " оқу нәтижелерін бағалау әдістері "тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты оқушыларға оқу нәтижелерін бағалаудың мазмұны мен маңыздылығын түсіндіру, бағалау түрлерімен таныстыру болды.
Сабақ барысында магистранттар Заманауи педагогикалық технологиялар мен интерактивті әдістерді тиімді пайдаланды:
* Топтарға бөлу: "Билет"әдісі
* Тақырыпты ашу: Genially платформасы
* Бейне: жасанды интеллект көмегімен жасалған
* Сергітетін сәт: жапондық әдіс
* Іс:"жазу" әдісі
* Сабақты бекіту: Wordwall платформасы
* Өзін-өзі бағалау: Mektep ai платформасы
* Кері байланыс: QR коды арқылы жүзеге асырылады.
Сабаққа кафедраның профессор-оқытушылары Л.Орынбаева, Р. Көкебаева, Қ. Гайсина, Б. Сержанов, Ж. Қожаканов, Ж. Кәрібаев, Г. Еранова және педагогикалық практика барысында магистранттардың кәсібилігі мен белсенділігін жоғары бағалаған басқа да оқытушылар қатысты.
Өткізілген сабақ студенттердің қызығушылығын арттырып, білім беру үдерісінде инновациялық әдістерді тиімді пайдаланудың үлгісі болды.





Кері оралу