қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2025

Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Таэквондо және спорттық іс-қызмет факультетінің ауқымды ғылыми-практикалық конференциясы (Ташкент қ., 07-08.11. 2025 ж.)


2025 ж. 07-08 қарашада дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті профессоры, ҚР ПҒА академигі, п.ғ.к. Е.К. Сейсенбеков Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Таэквондо және спорттық іс-қызмет факультеті басшылығының шақыруымен аталмыш оқу орны өткізген «Дене тәрбиесі және спорт саласында білім беру, тәрбие және инновациялық технологияларды қолдану: өзекті мәселелер мен оны шешу жолдары» атты тақырыптағы кезекті халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып қайтты.
Ғылыми басқосуға Өзбекстан ғалымдарымен қатар Қазақстан, Украина, Қырғызстан, Ресей елдерінің мамандары қатысты. Конференция барысында дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи түйткілдер, оны шешу жолдары, жоғары білікті спортшыларды даярлау ерекшеліктері және басқа да қызықты тақырыптар тыңдалып, бағаланды. Е.К. Сейсенбековтің пленарлық мәжілісте «Учебная программа по физической культуре как показатель состояния физической подготовленности населения РК» атты тақырыптағы жасаған баяндамасы да қызу талқыланып, көршілес елдердің мамандарының назарына ілінді.




Кері оралу