қазақша · русский · english
 
 
 
22.09.2025

QJ LEAGUE 2025: «ҚАЙРАТ» U-18 ҚҰРАМЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ ЧЕМПИОН АТАНДЫ!


20 қыркүйек күні аяқталған QJ League 2025 маусымы өз мәресіне жетпей жатып-ақ жаңа чемпионды анықтады. Бұл мәртебеге ие болған - «Қайрат» U-18 командасы.


Команда сапында біздің университеттің мақтаныштарына айналған «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері өнер көрсетуде.

 

Атап айтсақ, Керімхан Ермұхаммад, Сансызбай Әділет, Қожахмет Дарын және Дархан Даурен сынды жас спортшылар маусым бойы жоғары деңгейде ойын көрсетіп, командасына сенімділік пен серпін сыйлады. Жасыл алаңдағы үздік ойындары мен жанкешті еңбектерінің арқасында олар маусымның аяқталуына 4 тур қалғанда-ақ чемпиондықты мерзімінен бұрын жеңіп алды.

 

 

  alt=  




Кері оралу