қазақша · русский · english
 
 
 
22.09.2025

БОКСТАН ХХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР: ТОҚТАСЫН ӘСЕЛ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ


2025 жылдың 9-17 қыркүйек күндері Польшаның Гливице қаласында әйелдер арасында бокстан ХХ Халықаралық турнир өтті.

 

Университетіміздің дене шынықтыру және спорт мамандығының 1 курс студенті Тоқтасын Әсел бұл жарыста тамаша өнер көрсетіп,

2-орынды иеленіп, күміс медальмен марапатталды.

 

Әселдің бұл жетістігі - оның қажырлы еңбегі мен төзімділігінің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар біздің университетіміздің спорт саласындағы білім беру деңгейінің айқын дәлелі.Студентіміздің бұл жеңісі барша ұстаздар мен студенттерге үлкен үлгі болып табылады.

 

Университет ұжымы Тоқтасын Әселді осынау үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтайды! Алдағы жарыстарда да табыстар тілейміз!

 

 

  alt=  

 

 




Кері оралу