
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы  |   Басты / Факультеттер / Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті / Дене шынықтыру және спорт кафедрасы / Жаңалықтар
04.05.2023 
Абай университетінің құрамасы - ҚР ССЛ чемпионы! 
 2023 жылғы 1-4 мамырда Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы Студенттік спорт лигасының жарыстары өтті. Жарыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан Абай атындағы ҚазҰПУ командасы (ұлдар) Чемпион атанып, жалпы командалық 1-ші орынды иеленді. 
 Ерлер командасының құрамы - Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенті, спорт шебері Дакен Эльдар, Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті, спорт шебері Пернибаев Ерасыл, Математика, физика және информатика институтының 1 курс студенттері Тілеубек Сырым, Құрабай Алмат. 
 Қыздар командасының құрамы - Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенті, спорт шебері Сәрсебаева Забира, Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенті, спорт шебері Тұрсынәлі Ақерке, Педагогика және психология институтының 2 курс студенті Қамбар Шұғыла. 
 Жарыс қорытындысы бойынша команда жеңімпаздары кубокпен, медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды. 
 Тоғызқұмалақтан Абай университеті құрама командасының жаттықтырушысы - Мира Иралина. 
 
 
 Кері оралу  | 
| 
 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
  | 
 Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
  | 
 «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
  |