қазақша · русский · english
 
 
 
09.02.2023

Ашық есік күні

 

2023 жылғы 7 ақпанда жылы Өнер, мәдениет және спорт институтының Дене шынықтыру және спорт кафедрасы Ашық есік күнін ұйымдастырды. Аталмыш іс-шараға Алматы қаласының №33 мектеп-лицейінің және №140 гимназияның 11-ші сынып оқушылары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері қатысты. Ашық есік күнінде кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ұлттық спорт түрлерінен шеберлік сабақтар өткізді: тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, қазақ күресі, армрестлинг. Мектеп оқушылары шараға қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты. Институт директоры Тайыржан Искаков Ашық есік күнінің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, соңында ең белсенді оқушыларды марапаттады.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу