қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті самбодан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды


2021 жылдың 24-28 ақпан аралығында Талдықорған қаласында cамбо күресінен ересектер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Жарыстың мақсаты - күзде өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына жаңадан команда жасақтау.

 

Жарысқа барлығы 10 салмақ дәрежесінде 450 балуан қатысты. Қазақстан Республикасының чемпионатында өнер көрсеткен «Дене шынықтыру және спорт» кафедарасының 2-ші курс студенті Абенова Арайлым +80 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып Азия ойыгдары мен әлем чемпионатына жолдама ұтып алды. Абенова Арайлымды «Дене шынықтыру және спорт» кафедарысының оқытушысы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Сайдақов Еркін жаттықтырады.

 

   




Кері оралу