қазақша · русский · english
 
 
 
24.11.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер факультеті, Көркем білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры халықаралық академиялық бағдарламаға қатысты (ҚХР, Харбин қ.)

 

2025 жылғы 16-22 қараша аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин технологиялық университетінде Орталық Азияның үш елінен келген сарапшылардың қатысуымен бірегей дәрістер мен ғылыми форумдар сериясы өтті. Іс-шара барысында жетекші қытайлық жоғары оқу орнының студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамына арналған баяндамалар ұсынылды.

 

Бұл бағдарлама Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми және білім беру ынтымақтастығын кеңейтудің маңызды бөлігі болып табылады және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық құқық кафедрасы жанындағы «Sino-Kazakhstan Joint Education & Research Center for International and Comparative Law» орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Бағдарлама аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер факультеті, Көркем білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессоры Аман Ибрагимов екі халықаралық ғылыми форумы жұмысына қатысты:
- "Belt and Road Anti-Corruption Institution Research Forum";
- "Belt and Road SCO Research Forum".

 

Ұйымдастырушылар баяндамашының жоғары кәсіби деңгейін және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Харбин технологиялық университетінің студенттері мен магистранттары Орталық Азиядан келген сарапшыларға сұрақтар қойып, Еуразия кеңістігіндегі мәдени және құқықтық үдерістер туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды.

 

Мұндай кездесулер университеттер арасындағы академиялық байланыстарды нығайтып, мәдениетаралық диалогты дамытып, Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы жаңа серіктестік көкжиектерін ашады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу