қазақша · русский · english
 
 
 
18.01.2024

«6В05302 - Физика» білім беру бағдарламасының студенттерін өндірістік практикасына бағыттау конференциясы


Математика, физика және информатика нститутының оқу жоспарына сәйкес физика кафедрасының «6В05302 - Физика» білім беру бағдарламасының студенттері 2024 жылғы 16 қаңтар 27 сәуір аралығында өндірістік практикадан өту үшін, Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы эксперименттік және теориялық физика ғылыми зерттеу институты мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың физика кафедрасына жіберілді.


Өндірістік практикасына бағыттау конференциясы 2024 жылы 16 қаңтарында өтті. Практиканың бағыттау конференциясын ф-м.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі Косов В.Н. ашып, практиканың мақсаты, бағдарламасы және жетекшілерімен студенттерді таныстырып өтті. Практика конференциясына жетекшілер (т.ғ.д., профессор Бисембаев К., PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Насирова Д.М., оқытушы Калимов А.Б.), топ эдвайзерлері мен 4 курс студенттері толық қатысты. Конференция барысында туындаған студенттер сұрақтарына PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Ақжолова Ә.Ә. жауап берілді. Сонымен қатар, практика бағдарламасы бойынша В.Г.Фесенков атындағы обсерватория және Ядролық ғылыми зерттеу институтына экскурсия жоспарланған.

 

  alt=  




Кері оралу