қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2022

Магдебург университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды


2022 жылғы 18 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым департаменті директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова мен Магдебург университетінің (Германия) профессоры Холм Алтенбахтың кездесуі өтті.


Профессор Холм Альтенбах - материалдар мен конструкциялар механикасы, конденсацияланған күй физикасы саласындағы танымал ғалым, «Zamm - Journal of Applied Mathematics and Mechanics / Zeitschrift für angewandte Mathematik und Mechanik» ғылыми журналының бас редакторы, Еуропалық механика қауымдастығының мүшесі, Ресей ғылым академиясының және Украина ұлттық ғылым академиясының шетелдік мүшесі.Кездесуде қатысушылар университеттердің құрылымдық бөлімшелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, соның ішінде білім беру және ғылыми алмасулар өткізу, ғылыми іс-шараларға бірлесіп қатысу мүмкіндіктерін талқылады.


Кездесу барысында бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми кадрларды даярлау және университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Кездесуге сондай-ақ, Абай университетінен физика кафедрасының меңгерушісі Владимир Косов қатысты.

 

  alt=




Кері оралу