қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы
 
 
26.11.2025

Lesson Study: студенттердің дипломдық жобаларына енгізу бойынша  өткізілген біліктілікті арттыру курсы


 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Education management school орталығы базасында  өткізілген «Lesson Study әдіснамасы: студенттердің дипломдық жобаларына интеграциялау арқылы жоғары оқу орнының кәсіби практикасына енгізу» (Методология Lesson Study: внедрение в профессиональную практику вуза через интегрирование в дипломные проекты студентов») тақырыбы бойынша 19-28 қараша аралығында өтіп жатқан біліктілікті арттыру курсы тыңдаушылары қатарында біздің кафедра оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаттары С.К.Тулбасиева және  метор зерттеуші Г.У.Рашева қатысуда.

Курсты беделді халықаралық ұйымдардың бірі – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) сарапшысы, тәуелсіз кеңесші Клеа Фернандес жүргізуде.

Курс барысында қатысушылар Lesson Study әдіснамасының теориялық негіздерімен, оны жоғары білім беру үдерісіне енгізу жолдарымен, сондай-ақ студенттердің дипломдық жобаларына интеграциялау механизмдерімен жан-жақты танысты. Тәжірибелік бөлімде оқытушылар шағын топтарда зерттеу сабақтарын жоспарлау, өткізу және талдау кезеңдерін пысықтап, әдістеменің білім алушылардың оқу нәтижелерін жақсартуға ықпалын практика негізінде қарастырды.

 

С.К. Тулбасиева мен Г.У. Рашева курстың барлық модульдеріне белсенді қатысып, өз пәндік салалары бойынша Lesson Study циклдерін жобалау дағдыларын жетілдірді. Тыңдаушыларға берілген қорытынды тапсырмалар мен тренингтер оларды кәсіби қызметінде инновациялық педагогикалық әдістерді тиімді қолдануға бағыттады. Курс соңында қатысушыларға белгіленген 72 сағаттық үлгідегі біліктілікті арттыру сертификаттары табысталады.

 

 

  alt=  





Кері оралу