қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2019

«Үш бәйтерек: Ілиас, Сәкен, Бейімбет» тақырыбындағы әдеби-танымдық апталық


2019 жылдың 22 сәуірден бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,Филология және көптілді білім беру институты, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында Алаш арыстары, көрнекті қаламгерлер І.Жансүгіровтің, С.Сейфуллиннің, Б.Майлиннің 125 жылдығына арналған «Үш бәйтерек: Ілиас, Сәкен, Бейімбет» тақырыбында әдеби-танымдық апталық өтуде.


Аталған іс-шараға байланысты 22 сәуірде профессор Темірхан Тебегенов «С.Сейфуллин көрнекті ақын, прозашы», 23 сәуірде қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Алуа Таңжарықова «І.Жансүгіров шығармаларындағы ұлттық таным», 24 сәуірде доцент Серік Асылбекұлы «Б.Майлин және қазақ әдебиетіндегі дәстүр және жаңашылдық» тақырыптарда ПОҚ пен білім алушыларға арнайы дәрістер оқыды.


2019 жылдың 25 сәуірінде Қ.Жұмалиев атындағы студенттердің ғылыми үйірмесінің мүшелері ұйымдастырған «Арыстар шығармалары - асыл мұрамыз» әдеби-танымдық кеш өтті. Үйірме мүшелері арыстардың өмірі мен шығармаларынан көріністер қойып, өлеңдерін оқыды.


26 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология және көптілді білім беру институты, академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы Даланың тұлғалары - үш арыс Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілис Жансүгіров» тақырыбында Республикалық дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел мәжілісі аталған әдебиет алыптарының туғанына 125 жыл толуына арналды.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» стратегиялық мақаласы аясында өткізілген дөңгелек үстел мәжілісіне республикамызға белгілі ғалымдар: Темірхан Тебегенов; институт директоры Балтабай Әбдіғазыұлы; С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов Республикалық мұражайының директоры, ақын Әділғазы Қайырбеков; М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Абайтану және әдебиет тарихы бөлімінің меңгерушісі Серікқазы Қорабаев; Абай атындағы ҚазҰПУ «Ұлы Дала тұлғалары» ғылыми-зерттеу орталығынң директоры Гүлшат Нұрымбетова; ф.ғ.д., жазушы Серік Асылбекұлы; М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Бас ғылыми қызметкері Гүлжаһан Орда қатысты.


Кеш соңында академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қалбике Есенова және профессор, оқытушылар құрамы әдеби-танымдық іс-шараны қорытындылап, қуғын-сүргін көрген ақын-жазушылардың ұлттың болашағы үшін сіңірген еңбектерін саралап өтті. Әдеби-танымдық кешке қатысқан оқытушылар мен білім алушылар орасан-зор рухани әсер алып қайтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу