қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2019

«Ұстаз ‒ ұлы есім» танымдық кездесу

 

2019 жылдың 19 ақпанында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында ҚР Президентіне үміткерлерден мемлекеттік тілден емтихан алушы «Лингвистикалық комиссиясының» хатшысы, Ш. Уәлиханов атындағы І дәрежелі сыйлықтың лауреаты, ҚР БжҒМ-нің «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, педагогика ғылымдары Халықаралық академиясының академигі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі Фаузия Оразбаевамен «Ұстаз ‒ ұлы есім» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

 

Кездесуді Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұжымы мен академик С.Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Райгүл Рахметова, филология ғылымдарының докторы, профессор Нағима Ильясованың жетекшілігімен студент-практиканттар ұйымдастырды.

 

Мектеп оқушылары ғалым-әдіскердің еңбектері туралы шағын көрініс көрсетті. Ғалымға арнау өлеңдерін оқып, ән айтты. Фаузия Шәмсиқызы оқушыларға мұғалім мамандығының ерекшелігін айтып, оларды еліміздің тұңғыш жоғары оқу - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті болуға шақырды. Мектеп оқушылары көптеген сұрақтар қойып, ғалым-әдіскермен ой бөлісті. Фаузия Шәмсиқызы қазақ тілі, қазақ халқы, ұлттық рух және т.б. тақырыптар төңірегінде жан-жақты мәлімет берді.

 

Кеш өте жоғары дәрежеде, әсерлі өтті. Мектеп-интернат директоры Роза Сексенова ғалым-әдіскерге алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.

 

   

 




Кері оралу