қазақша · русский · english
 
 
 
11.02.2019

Нұрғиса -Мұқағали әлемі Қазақтың рұхын көтеретін құнды мұра

 

8 ақпан күні Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерсайын Молдасанов, академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы п.ғ.к., доценті Меруерт Әлібаева және институт студенттері, университет ректоры Такир Балықбаевтың қолдауымен, студенттер кәсіподақ ұйымының төрағасы Ержан Оразбаевтың ұйымдастыруымен Нұрғиса -Мұқағали әлем мұражайына саяхат жасап қайтты.


Студенттер мұражай саяхатында көптеген құнды ой-пікірлерге тәнті болды. Тарихи мұраларды көріп, Нұрғиса -Мұқағали әлеміне барып қайтқандай болды. Экскурсия соңында студенттер: «Осындай іс-шараларды ұйымдастырған басшылыққа алғысымызды білдіреміз, білім беру сәттері ғана маңызды емес, сонымен қатар жастардың рухын көтеретін, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм сезімін нығайтатын тәрбие берудің маңызы зор».

 

   

 

   




Кері оралу