қазақша · русский · english
 
 
 
10.12.2018

Эразмус бағдарламасы

 

Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Гүлбану Қосымова 2018 жылдың 25 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында Эразмус бағдарламасы бойынша Польшаның Адам Мискеевич атындағы Познань университетінің шақыруымен студенттерге дәріс оқып, семинар өткізді.

 

2018 жылдың 27 қарашасында Польшаның Адам Мискеевич атындағы Познань университетінің 100 жылдығына байланысты «Тіл. Әдебиет. Қоғам» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Онда профессор Гүлбану Қосымова «Қазақстандағы қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңартылған білім мазмұны» тақырыбында баяндама жасады.

 

   




Кері оралу