қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2018

«Әлем әдебиетіне сырлы саяхат»

Әдеби-танымдық сайыс

 

2018 жылдың 26 қарашасында Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының жанынан құрылған Қажым Жұмалиев атындағы ғылыми үйірме жетекшісі мен студенттерінің ұйымдастыруымен бітіруші курстар арасында «Әлем әдебиетіне сырлы саяхат» атты әдеби-танымдық өнер сайысы болып өтті.

 

Аталған әдеби-танымдық өнер сайысына бітіруші курстардан 4 топ қатысты:

401-топ «Тұманды Альбион жұлдыздары»;

402-топ «Афина Паллада»;

403-топ «Wonder′sofAnderson»;

КРО «Олимп».

 

Әдеби-танымдық іс-шараға институт директоры Балтабай Әбдіғазиұлы мен академик С.Қирабаев атындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Қалбике Есенова қатысты.

 

Әдеби-шығармашылық сайыс үш кезеңнен «Ұшқыр ой, жылдам жауап» зияткерлік сайысы;«Сахна шебері» драмалық көрініс; «Жұлдызға жол» өнер сайысынан тұрды. Әр топ осы кезеңдер бойынша бақ сынасты. Әдеби сайыстың бірінші кезеңінде берілген ұяшықтар бойынша сұрақтарға жауап берілді. Жарыстың «Сахна шебері» тақырыбындағы екінші кезеңінде әлем әдебиеті классиктерінің шығармаларынан қойылым қойылып, үшінші кезеңінде студенттер еркін форматта өз өнерлерін көрсетті.


Ф.ғ.д., профессор Темірхан Тебегенов, ф.ғ.д., профессор Нағима Илиясова, ф.ғ.к., аға оқытушы Гаухар Асқарова, ф.ғ.к., доцент Майра Жүнісова және аға оқытушы Алмас Найманбаев аталған топтарға әділ бағасын беріп, сайыстың жеңімпаздарын анықтады.

 

Сайыстың қорытынды кезеңінде кафедра меңгерушісі Қалбике Есенова мен Темірхан Тебегенов сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттап, сайыстың өте жоғары деңгейде өткендігін айтты. Осылайша 4-курс арасында ұйымдастырылған іс-шара өз мәресіне жетті.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу