қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

Профессор Балқия Қасымның ғылыми еңбектерінің тұсаукесері

 

«Ғылым декадасы - 2024» аясында Филология институты, қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастырумен профессор Балқия Қасымқызының «Дарын» баспасынан шыққан «Метафоралы аталымдар: когнитивті-семантикалық сөзжасам», «Сөзжасам: Семантика. Уәждеме» монографиялары, оқу құралдары «Когнитивті лингвистика», «Қазақ тілінің сөзжасамы: интерактивті технологиялармен оқыту» және оқулық (Түркия, қ.Анкара «AKÇAĞ») «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» баспасынан шыққан 5 кітабының тұсаукесері болды. Тұсаукесерді кафедра меңгерушісі Н.Ә.Ильясова ашып, ғалымның Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түлегі екенін, аспирантура, докторантура бітіргенін тілге тиек етіп, ғылым жолындағы сара жолын әңгімеледі. Тұсаукесерден соң ғалымның ғылыми  монографиялары мен оқулықтарын және оқу құралдарын институттың білім алушыларына таныстыру көзделді. Арнайы конақ ретінде шақырылған профессор З.Ш.Ерназарова профессор Б.Қасым еңбектерінің зерттеу бағыттарымен, ғылыми тұжырымдамаларымен таныстырды.

 

 alt=  

 




Кері оралу