қазақша · русский · english
 
 
 
27.02.2024

Жас мамандар мен болашақ мұғалімдерді кәсіби қолдау


2024 жылдың 19-24 ақпан аралығында Филология институты қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдістемелік десант: болашақ педагогтармен жас мамандарды кәсіби қолдау» тақырыбында республикалық форум өтті.

 

Форумның мақсаты - «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің болашақ мұғалімдері мен жас мамандарға пәнаралық - инклюзивтілік - ғылыми-зерттеушілік қағидаларды байланыстырып, қазақ тілін конструктивтік әдіспен оқытудың жолдарын ұсыну.

 

Форумда білікті мамандар тренинг, коучинг, мастер-класс, семинар, вебинар өткізіп, студенттермен өз тәжірибесін бөлісті.

 

Білім алушылардың кәсіби дамуына Назарбаев Университеті, НЗМ ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Алматы облыстық «Инклюзивті білім беру және логопедия» орталығы, Алматы облыстық әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы КДИ, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты, Алматы қаласы № 81 мектеп гимназиясы, Алматы облысы Талғар ауданы №39 жалпы білім беретін орта мектеп, Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 мектеп, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы "Ш. Уәлиханов атындағы №1 орта мектебі, Алматы облысы Іле ауданы, Ә.Молдабеков атындағы №6 орта мектеп мамандары қолдау көрсетті.

 

  alt=  

 

   alt=  




Кері оралу