қазақша · русский · english
 
 
 
07.02.2024

Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда Абай университетінің оқытушысы семинар өткізді


2024 жылдың 7 ақпанында Филология институты Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., Нағима Ильясова Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназияда «Қазақ тілін оқытудағы лингводидактикалық ұстанымдар мен белсенді әдістер» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда қазақ тілін заман талабына сай оқыту мәселелері талқыланды. Семинарға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, мектеп басшылығы қатысты. Кері байланыста семинардың өте пайдалы болғанын, тың мәліметтер алғанын жеткізіп, алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу