қазақша · русский · english
 
 
 
22.02.2024

Академиялық ұтқырлық: жаңа тыныс, жаңа білім, жаңа орта...

 
2024 жылдың 21 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтында  «Академиялық ұтқырлық: жаңа тыныс, жаңа білім, жаңа орта...» тақырыбында халықаралық деңгейде ұйымдастырылған форумға Түркия республикасы Фырат университетінің профессор-оқытушылары онлайн қатысты. Екі тарапты келісімшарт негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Фырат университетінде күзгі семестрде білім алған  «6B01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Филология» мамандықтарының 7 студенті эстафетаны көктемгі семестрде білім алуға баратын үздік 10 студентке табыстады.
 
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы - студенттерге берілген үлкен мүмкіндік. Форумға Фырат университетінің  профессоры, белгілі түркітанушы ғалым  Ахмет Буран өзінің профессор шәкірттері Ержан Алкая, Сулеймен Каан Ялчын, Фатих Өзек қатысып, Абай университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне жолдаған ТОМЕР тіл орталығының сертификаттарын бірлікте табыстап, студенттерді семестрлік ауысымға қабылдады. Сертификаттарды Академиялық ұтқырлық бөлімінің қызметкерлері Қарлығаш Мұқанова, Гүлнар Жангирова, Асел Исатаева және Филология институтының директоры Алуа Таңжарықова, ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев, кафедра меңгерушісі Нағима Ильясовалар табыстап, студенттердің сапалы білім мен қарым-қатынас мәдениетінің үлгісін көрсететіндігіне сенім білдірді. Жаңаша форматта ұйымдастырылған форумда Академиялық ұтқырлық жұмыстарының координаторы, Ахмет Байтұрсынұлы орталығының жетекшісі Роза Бақбергенова модераторлық жасады. Ұйымдастыру жұмыстарына қатысқан тәрбие бөлімінің меңгерушісі Мағжан Жұмағұловқа, «Сөзтаным» ғылыми-танымдық клубының студенттеріне алғыс білдіреміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу