қазақша · русский · english
 
 
 
01.12.2023

Әдеби-сазды кеш

 

Жоғары оқу орындары арасындағы рухани-мәдени байланысты күшейту мақсатында 2023 жылдың 29 қарашасында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Нұрдәулет Ақыштың шығармашылық зертханасын талдауға арналған әдеби-сазды кеш өтті.

 

Филология институтының директоры А.В.Таңжарыкованың бастамасымен, кафедра меңгерушілері Н.Ә.Ильясова, Е.Т.Оспанов, университет оқытушылары А.Н.Юсуп, Ш.Д.Құттыбаевтардың ұйымдастыруымен өткізілген шығармашылық кеш тағылымға толы болды. Бұл кеште жазушының шығармашылық лабораториясын жан-жақты танып, талдап зерттеген екі университет студенттері өздерінің өнерін қалың жұртшылыққа ұсынды.

 

  alt=  




Кері оралу