қазақша · русский · english
 
 
 
24.10.2023

Түркі тілдері симпозиумына Абай атындағы ҚазҰПУ өкілі қатысты

 

2023 жылдың 19-21 қазаны аралығында Түркияның 100 жылдық тәуелсіздігіне орай Сакария университеті ұйымдастырған XV Халықаралық дүниежүзі түркі тілдерінің Симпозиумына Қазақстан Республикасы Абай атындағы ҚазҰПУ атынан Бақбергенова Роза Қожабайқызы арнайы шақырылып, қатысып қайтты. Аталған симпозиумда Роза Қожабайқызының Ұлт ұстазы, ұлттық ғылымның негізін салған ғұлама ғалымға арналған «Ахмет Байтұрсынұлы - түркітанушы ғалым» тақырыбында баяндамасы түркі ғалымдарының назарын аударып, басқосудың қорытынды жиналысында сөз берілді. Түркітанушы ғалымдардың Қазақ еліне, қазақ тіліне деген ерекше ілтипаты өте жоғары екенін осы кездесуден-ақ аңғаруымызға болады. Сондай-ақ бұл шарада Әлемнің әр тарапынан келген түркітанушы ғалымдармен сұхбаттар жасалып, Түркия, Македония университеттерінің ректорларымен халықаралық байланыс жұмыстары жөнінде келіссөздер жүргізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу