қазақша · русский · english
 
 
 
20.10.2023

Алматы қаласы және Алматы облысының мұғалімдеріне арналған «Абайтану: «Толық адам» ілімі курсы

 

2023 жылдың 18 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласы, Алматы облысының мұғалімдеріне арналған «Абайтану: «Толық адам» ілімі курсы өтті. Дәрісті профессор, мектеп оқулығының авторы Гүлбану Қосымова жүргізді. Курстың мақсаты: Абайдың «Толық адам» іліміне енетін ұғым- түсініктерді мектеп мұғалімдеріне түсіндіру және көне түркі, орта ғасыр ойшылдарының еңбектеріндегі «Кемел адам» тұжырымымен сабақтастыра талдау. Қатысушылардың қызығушылығы жоғары деңгейде болды. Сұрақ қойып, Абай мұраларындағы «Толық адам» тұжырымын талдауға қатысты. Курстың соңында тыңдаушыларға сертификат табысталды.

 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу