қазақша · русский · english
 
 
 
22.10.2022

Танымдық саяхат


2022 жылдың 21 қазаны күні Филология институтындағы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4 курс 406 топ студенттері аға оқытушы Ерлан Сламбекұлының ұйымдастыруымен Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына танымдық саяхат жасап, ұлт зиялыларының рухына тағзым етті.


Мұражайдағы ұлт қайраткерлері жөніндегі заттық материалдармен және осы жерде жерленген 4,5 мыңнан аса саяси-қуғын сүргін құрбандарының аты-жөндері жазылған ескерткіш-тақтамен танысты. Отан тарихын тануда бұл танымдық саяхаттың студенттер үшін маңызы зор болды.

 

  alt=  




Кері оралу