қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2021

Белгілі ғалым Гүлбану Қосымованың ғылыми мансабына арналған вебинар


2021 жылы 8 сәуірде zoom платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология және көптілді ілім беру институты С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «ҒЫЛЫМ-ҒАЛЫМ-ҒҰМЫР» ғылыми апталық аясында ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз Гүлбану Қосымованың ғылымдағы сара жолына арналған онлайн-вебинар өтті.

 

Онлайн-вебинарда профессор, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Түркі тілдес ғалымдар арасында 4 жылда бір рет тағайындалатын «Түркі ұлыстары тілінің дамуына үлес қосқан ғалым» халықаралық марапаттың иегері, Қосымова Гүлбану Сейілбекқызының ғылым жолы жайлы видео таныстырылым жасалды.

 

Ғалымның ғылыми ізденіс бағыттары, халықаралық байланыстағы қызметтері, ғылыми еңбектері, оқу құралдары, оқулықтары, әдістемелік оқу құралдары туралы баяндалды.

 

Жиында Түркияның Фырат университетінің профессоры -Ержан Алкайа, жас ғалым, Қыршехир Ахи Эвран университетінен Осман Қабадайы, Сүлеймен Демирел университетінің профессоры Шаттыгүл Ерғожина, М.Х. Дулати атындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сәмен Құлбарақ, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, 81-мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Канзада Берденова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Гүлден Жашаралина, «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-ші курс студенті Данияр Нысанғалиев, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Оралханова Жанель ғалым-ұстаз туралы ой қозғап, қатысушыларға жан-жақты мәлімет берді. Онлайн-кездесуге ғалымның докторанты Иманкулова Жанна модератор болды.

 

Шара соңында Гүлбану Қосымова студенттер мен оқытушылар қойған сұрақтарға жауап берді.

 

  

 

  

 

  

 

  

 




Кері оралу