қазақша · русский · english
 
 
 
08.12.2020

«Жастар ғылымы: дәстүр, даму және инновация» 75-ші конференциясы

 

2020 жылы 7 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Жастар ғылымы: дәстүрлер, даму және инновациялар» студенттер мен магистранттардың 75-ші конференциясы өтті. Филология және көптілді білім беру институтының академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Қазіргі филологиялық білімдер интеграциясы: тіл, әдебиет, әдістеме» секциясында 1-2 курс магистранттарының баяндамаларын тыңдап, ғылыми талқылау жұмыстарын жүргізді.


Биылғы жылы студенттер мен магистранттардың дәстүрлі конференциясында көптеген ғылыми бағыттардағы жұмыстар талқыланып, қатысушылар арасындағы пікірталастар барысында зерттеу жұмыстары мен ғылыми шығармашылық мәселелері қарастырылды.


Конференция жұмысының нәтижесі бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары болашақта диссертация жұмыстарымен жалғасын табуға ұсынылып, жас зерттеушілерге арналған республикалық және халықаралық, мамандыққа қатысты олимпиадаларға қатыстыру жұмыстары назарға алынсын деген конференция резолюциясы қабылданды.

 

      

 

      




Кері оралу