06.04.2018
Мазмұнды кеш
2018 жылдың 5 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы аясында академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасында өткен ғылыми-танымдық іс-шараның бірі - білім алушылардың аталған кафедра профессоры, филология ғылымдарының докторы, белгілі жазушы-драматург, университет түлегі Серік Асылбекұлымен кездесу болды. Кездесу «Серік Асылбекұлының шығармашылық өмірбаяны және жазушы шеберлігі» деген тақырыпта өтті. Әдебиетті өнер ретінде қабылдау мен меңгерудің жарқын үлгісін танытқан автордың шығармашылық ізденістері білім алушылардың қызығушылығын арттырды. Жарыссөзге қатысқан кафедра меңгерушісі Бақтияр Смановтың, профессор Темірхан Тебегеновтің, доцент Марат Бекбосыновтың және «Абайтану» орталығының директоры Жабал Шойынбеттің сөз өнері құдіреті, сол өнерді дәріптеп жүрген Серік Асылбекұлының өнегелі өмірі туралы әңгімелерін тыңдаушылар жылы қабылдады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|