қазақша · русский · english
   
06.04.2018

Қазақ халқының импровизатор ақын-қыздары

 

2018 жылдың 4 сәуірінде Университеттің 90 жылдық мерейтойына орай «Ғылым онкүндігі-2018» жобасы аясында академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасында «Қазақ халқының импровизатор ақын-қыздары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


Аталмыш іс-шараны кафедра меңгерушісі Бақтияр Сманов жүргізді. Профессор-оқытушылар және филолог-студенттер қатысқан бас қосуда «Авторлық ауызша әдебиет» ғылыми орталығынының директоры, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті әдебиет сыншысы, филология ғылымдарың докторы, профессор Бекен Ыбырайым әлем әдебиеті тарихында қазақтың төкпе ақын қыздарының шығармашылығы мен шешендік өнерінің шоқтығы биік тұрғаны туралы ғылыми-танымдық әңгіме өрбітті. Жиынға қатысқан студенттерді тақырыптың өзектілігі қызықтырып, жарыссөздерге қатысып, мәселені талдауда белсенділік танытты. Профессор Бекен Ыбырайым өзінің жетекшілігімен 2014 жылы жарық көрген «Қазақ суырыпсалма ақын қыздарының жыр жинағы» кітабын таныстырып, жырлар оқыды. Дөңгелек үстел президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық еңбегінің талаптарына сай болашақ мамандар үшін пайдасы зор екендігі аталып, оған қатысушылардың назары аударылды.

 

   

 

 

 




Кері оралу