қазақша · русский · english
   
20.02.2018

«Менің пірім - Сүйінбай» айтысы

 

2018 жылдың 15-16 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығы аясында еліміздің 28 жоғары оқу орындарының қатысуымен ұйымдастырылған «Менің пірім-Сүйінбай» республикалық жас ақындар айтысына С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасы белсенді қатысты. Кафедра профессоры Темірхан Тебегенов қазылар құрамында жұмыс атқарды. Филология және көптілді білім беру институтынан қатысқан жас талапкер ақындардың, атап айтқанда Аят Жәнібек, Айдар Қисабаев (5В020500-филология, 1курс), Данияр Нысанғалиев (5В012100-қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, 1 курс), Жеңісхан Қазыбек (5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті, 2 курс), Айдана Қайсарбекқызы (5В011700-қазақ тілі мен әдебиеті, 4 курс) нұрлы сөздің қуатты күшімен жұртшылықты таң қалдырды. Жүйріктен тұлпар танылып, оза шапқан Жеңісхан Қазыбекті (2 -орын) және Данияр Нысанғалиевті (арнаулы жүлде) жеңістерімен қуана құттықтаймыз.




Кері оралу