қазақша · русский · english
   
23.02.2018

 

Оқу практикасын қорытындылау конференциясы

 

2018 жылдың 20 ақпанында Филология және көптілді білім беру институтында 3 курстардың оқу практикасын қорытындылау конференциясы өтті. Конференцияда «5В012100- қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының Алматы қаласы №48 мектебінде тәжірибеден өткен практикант-студенттердің дайындаған қойылымы жаңашылдығымен, шығармашылығымен ерекшеленді.


Аталған мектептен келген әдістемелік кеңес төрағасы Бибігүл Мукеева тәжірибеден өткен студент-практиканттар туралы оң пікір білдіріп, әрі қарай бірлесіп жұмыс істей беретіндерін айтты.

 

  

 




Кері оралу