қазақша · русский · english
   
21.10.2022

2023-2025 жылдарға арналған ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттама мәселелері бойынша вебинар


2022 жылдың 20 қазанында «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім ғылым министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамасын түсіндіру» тақырыбында вебинар өтті. Вебинар спикерлері зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаев; профессор-зерттеушілер Жанна Хамзина және Гүлжаухар Көкебаева. Вебинарға 86 адам қатысты.


Вебинар модераторы Ермек Бөрібаев конкурстың мақсаттары мен міндеттері, оған университет ПОҚ қатысуының маңыздылығы туралы айтып берді. Спикер Жанна Хамзина осы конкурстың басқа конкурстармен салыстырғанда жас ғалымдар үшін артықшылықтарын түсіндірді; өтінімді қалыптастыру тәртібі және өтінімді толтыру кезінде, әсіресе библиография, жобаның өзектілігі мен жаңалығы бөлігінде қателіктер жібермеу туралы айтты. Спикер Гүлжаухар Көкебаева қаржылық шығындарды қалыптастырудың ерекшеліктерін, атап айтқанда қызметтер мен іссапарлар бойынша түсіндірді.


Семинар тыңдаушылары конкурстық құжаттамаға қатысты мәселелерді талқылауға белсене қатысып, қызықты әрі пайдалы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу