қазақша · русский · english
   
20.10.2022

Жас оқытушылар мен ғалымдарға арналған онлайн-семинар


2022 жылдың 19 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым департаменті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға конкурс жариялауына байланысты конкурстық құжаттаманы нақтылау және өтінімді толтыру бойынша онлайн-семинар өткізді.


Семинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 31 жас оқытушысы қатысты.


Семинар жұмысына зерттеу жұмысы жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев қатысып, аудиторияның назарын конкурстық өтінімдерді қалыптастырумен байланысты өзекті мәселелерге аударды. Спикер - Жас ғалым, PhD Жарасбек Байшемиров жас зерттеушілердің конкурсқа қатысуының маңыздылығы туралы, оның мақсаттары туралы айтып, МҒТСО ҰО АҚ электрондық жүйесінің жұмысына, өтінімді ресімдеудің дұрыстығына, жобаға жұмсалатын шығыстар бойынша қаржылық есептеулерге және т.б. байланысты негізгі тұстарды атап өтті, аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Семинар тыңдаушылары конкурстық құжаттамаға қатысты мәселелерді талқылауға белсене қатысып, ұйымдастырушыларға ақпараттық және пайдалы іс-шара үшін алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу