қазақша · русский · english
   
06.10.2022

Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру туралы вебинар

 

2022 жылдың 5 қазанында «ҚР ҒЖБМ «Жас ғалым» жобасы бойынша ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыруға конкурстық құжаттама және өтінімдерді рәсімдеу бойынша консультациялар» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың докторантурасында толық оқу курсын аяқтаған, бірақ әлі диссертация қорғамаған докторанттарына, сондай-ақ, жас оқытушылар, ғалымдар, постдокторанттар үшін арналған вебинар өтті. Ғылым департаменті ұйымдастырған вебинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 55 жас оқытушысы қатысты.

 

Вебинарды модератор - Ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова ашып, «Жас ғалым» жобасының жас зерттеушілер үшін маңыздылығы және оның мақсаттары туралы айтып берді. Спикер - жас ғалым, PhD Жарасбек Байшемиров ҰМҒТСО ҰО АҚ электрондық жүйесінің жұмысына, өтінімді рәсімдеудің дұрыстығына, жобаға жұмсалатын шығыстар бойынша қаржылық есеп айырысуларға және т. б. байланысты негізгі тұстарды атап өтіп, аудиторияның сұрақтарына жауап берді. Вебинар тыңдаушылары «Жас ғалым» жобасына қатысты мәселелерді талқылауға белсене қатысып, пайдалы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Ғылым департаментінің басшылығына алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу