қазақша · русский · english
   
27.08.2022

        Постдокторлық бағдарлама түлектері аттестациядан өтті

 

2022 жылдың 26 тамызында ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі проректор профессор Е.Бөрібаевтың төрағалығымен 2019/2020 оқу жылында қабылданған постдокторлық бағдарламаның алғашқы түлектерін аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

 

Отырыста постдокторанттар Сабирова Дина, Сыздықбаева Айгүл, Килыбаев Талғат ғылыми жетістіктері қаралып, бағаланды. Абай атындағы ҚазҰПУ постдокторлық бағдарламаны енгізген республикадағы алғашқы жоғары оқу орны екенін атап өткен жөн. Көрсетілген нәтижелер осы пилоттық бағдарламаның дұрыстығы мен маңыздылығын растайды. Сонымен, 2019-2022 жылдар аралығында постдокторанттар Scopus базасында индекстелетін шетелдік ғылыми журналдарда 8 мақала, ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған журналдарда 27 мақала, 9 оқулық пен оқу құралдары (ҚР БҒМ ұсынған), 2 монография, 5 сөздік жариялады. Постдокторанттар ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың 8 ғылыми жобасы мен халықаралық жобалардың орындаушылары болды; Сабирова Д. А. және Сыздыкбаева А. Д. ҚР БҒМ гранттық қаржыландыру жобаларының, оның ішінде ҚР БҒМ алғаш рет өткізген «Жас ғалым» конкурсы бойынша ғылыми жоба жетекшілері. 3 кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Үш жыл бойы барлық постдокторанттар ҒПҚ және университеттің жас ғалымдары үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар мен вебинарларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысты.

 

Комиссия постдокторанттар Д.А. Сабированы, А. Д. Сыздықбаеваны, Т. Б. Килыбаевты бірауыздан аттестаттап, олардың ғылымдағы үздік көрсеткіштерін атап өтті. Бұл көрсеткіштер көп жағдайда университеттің халықаралық және отандық жоғары оқу орындарының рейтингтерінде ілгерілеуіне ықпал ететіні де маңызды. Мәселен, Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық жоғары оқу орындары арасында АРТА рейтингін басқарады; университет Scopus базасында индекстелетін жарияланымдар бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының алғашқы ондығында орналасқан.

 

Алдағы уақытта университеттің барлық постокторанттарына шығармашылық табыс, ғылыми жетістіктер тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу