қазақша · русский · english
   
29.03.2022

Тендерлік құжаттама және жас ғалымдарға арналған гранттық өтінімдерді түсіндіру


2022 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі комитетінің 2022-2024 жылдарға арналған «Жас Ғалым» жобасын гранттық қаржыландыруға конкурс жариялауына байланысты Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым департаменті университетіміздің жас ғалымдары үшін конкурстық құжаттаманы нақтылау және гранттық өтінім құжаттарын рәсімдеу жайлы онлайн-семинар өткізді.


Семинардың модераторы Ғылым департаментінің директоры У.М. Әбдіғапбарова, баяндамашы - PhD докторы, доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың постдокторанты Ж.Д. Байшемиров болды. Ғылым департаментінің бұл консультациялық жұмысы тыңдаушыларды қатты қызықтырды, семинардың көп бөлігі интерактивті сұрақ-жауап форматында өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу