қазақша · русский · english
   
25.02.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Диссертациялық кеңестердің ғалым хатшыларымен кездесу

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 14 Диссертациялық кеңес жұмыс жасайды. 2022 жылдың 24 ақпанында Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен Диссертациялық кеңестердің ғалым хатшыларымен кездесу өтті. Кездесуде ҒЗЖ және ғылыми кадрларды даярлау басқармасының жетекшісі Гүлзада Баимбетова Диссертациялық кеңестің функциялары мен кеңес жұмысының тәртібі бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

 

Кездесу барысында ҚР БжҒМ кейбір бұйрықтарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты (09.03.2021, №98), «Дәрежелерді беру қағидалары» мен «Диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережеге» енгізілген өзгерістерге де шолу жасалынды. Диссертациялық кеңес қызметін қамтамасыз ететін нормалар бойынша - докторлық диссертацияларды ашық түрде қорғау (интернет желісінде тікелей онлайн трансляция режимінде), университеттің интернет ресурсына орналастырылатын ақпараттар мен қорғауды өткізу рәсімі бойынша толық кеңес берілді. Университет жанындағы Диссертациялық кеңестерге уақытша мүшелікке ҒЗИ ғалымдарын тарту, олардың ғылыми-зерттеу бағыттары мен Web of Science және Scopus базасы мәліметтеріндегі жарияланымдарының сәйкестігі деген мәселелер қарастырылды. Диссертациялық кеңестерге түскен жұмыстарға ресми рецензенттерді тағайындаудағы заңнамалық ережелердің сақталуы мен олардың құқықтары, ресми рецензенттердің пікірлерінің жаңа үлгісінің таныстырылымы, кеңес жұмысын жүргізу тәртібі кеңінен талқыланды. Ғалым хатшылармен кездесуде жаңа ережеге сәйкес Кеңес мүшелерінің электрондық келу парағын толтыру, электрондық үлгідегі жасырын дауыс берудің (бюллетень толтыру) ережелері мен техникалық-бағдарламалық ерекшеліктері туралы мәліметтер берілді. Ғалым хатшылар арасында өзара тәжірибе алмасу, диссертанттың аттестациялық құжаттарының заңнамалық ережелерге сәйкес бірізділігін сақтау туралы пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу жұмыстары жүргізілді. Гүлзада Баимбетова қорытынды сөзінде Диссертациялық кеңестердің ғалым хатшыларымен алдағы уақытта үздіксіз ынтымақтаса жұмыс жүргізудің нәтижесінде, Диссертациялық кеңестердің жұмысын үйлестіруге, аттестациялық іс құжаттарының талапқа сай рәсімделіп, сапалы түрде жүргізілуі мен қамтамасыз етілітіндігі туралы тұжырым жасады.

 

   




Кері оралу