қазақша · русский · english
   
29.11.2021

«Scopus платформасы: жарияланымдарды тиімді іздеу жолдары» ғылыми вебинары


2021 жылдың 26 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ, Ғылым департаменті Білім берудегі инновациялар лабораториясының постдокторанттары Акимбекова Шырын, Молдағали Бақытгүл және Байкулова Әйгерім «Scopus платформасы: жарияланымдарды тиімді іздеу жолдары» тақырыбында  ғылыми вебинар өткізді.

 

Онлайн кездесу Zoom құралы арқылы өтіп, оған университет әкімшілігі, ізденуші ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар және қызығушылық танытқан адамдар қатысты. Вебинар барысында Scopus платформасында жарияланымдарды тиімді іздеу жолдары, жоғары рейтингті журналдар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, Sci hub интернет ресурсы және Хирш индексі, оны көтеру мүмкіндіктері қарастырылды. Онлайн вебинар  соңында қатысушылар қызығушылықтарын білдіріп, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, талқылау өткізілді.

 

   




Кері оралу