«Тұғыры биік Тәуелсіздік!» дөңгелек үстелі
 2021 жылдың  10 желтоқсанында  Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетіне қарасты ЖОО-ға дейінгі дайындық бөлімі тыңдаушыларының арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбыгда іс-шара  онлайн түрде  болып өтті.
 Ұйымдастырылып отырған  кездесудің  алғашқы кезеңінде ұлағатты ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі  Абішева Рыскен тіл - Тәуелсіздігіміздің тірегі екенін айта келіп, ана тілімізге байланысты бүгінгі күні шешімін таппаған мәселелер мен оны шешудің жолдарына  тоқталып, тыңдаушылардың  берген сұрақтарына  тереңнен толғап жауап берді.
 Іс-шараның екінші кезеңінде 17 тыңдаушы қатысқан екі турдан тұратын конкурстың нәтижесі шығарылды.
 Шығармашылық эссе байқауының  қорытындысы бойынша  Умиртай Аружан  өзіндік көзқарас пен ой тереңдігін көрсете білгені  үшін І дәрежелі дипломға, ІІ дәрежелі дипломға  өзіндік тұжырым жасай білгені үшін Қали Назерке, ал ІІІ дәрежелі дипломмен  шығармашылық шеберлік танытқаны үшін Чакаржан Айнұр ие болса, еліміздің тәуелсіздігіне жыр жолдарын  арнаған 2 турда өлең жолдарын  айшықты сөздермен  көркемдей   білгені  үшін І дәрежелі дипломмен  Азат Арна, ІІ дәрежелі диплом өз ойын терең жеткізе алғаны  үшін Орынбасар Фатима, ал еркіндігімізді  ерекше стильде жоғары пафоспен  жырлағаны үшін Әди Рамазан  ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, іс-шараны өткізуге белсенділік танытқаны үшін  Адал Таңнұр, Сапаралы Құралай, Тұрдыбай Бүлдіршін  және Амангельді Айзат Алғыс хаттарға ие болды.
 Кеш қонағы Тәуелсіздік -еліміздің баға жетпес байлығы екенін айта келіп, жас ұрпаққа  тәрбиелік мәні бар іс-шара  ұйымдастырушыларына  алғысын білдірді .
 
 
  
 
 
  