қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.11.2021

Хаджеттепе университетінің профессоры  Өнер, мәдениет және спорт институтына шақырылды

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2021 жылы 19 шілде шыққан №349 «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқытушылық қызметке тарту үшін шетелдік ғалымдар санын бөлу жоспарын бекіту туралы» бұйрығы бойынша, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Халықаралық ынтымақтастық және шетелдік профессор оқытушылар құрамын университетке шақырту, тәжірибе алмасу мақсатында, «Өнер, мәдениет және спорт» институты, «Көркем білім» кафедрасына  Түркия Республикасы, Анкара қаласы Хаджеттепе Университеті, «Кескіндеме, өнертану» кафедрасынан профессор, PhD доктор Хасан Қыран келді.

 

Шетелдік маман «Көркем білім» кафедрасының студенттері мен оқытушыларына 2021 жылдың 15 қарашасы мен 11 желтоқсаны  аралығында дәріс пен мастер класстар жүргізеді. Осыған орай профессор, PhD доктор Хасан Қыран «композиция», «офорт», «түсті гравюра» және де «пейзаждық гравюра» пәндері бойынша студенттерге дәріс берсе, ал «дизайн» және «көркем білім» кафедраларының оқытушыларына «Замануи ксилографиялық өнер» тақырыбы аясында біліктілікті арттыру курсын өткізеді. Сонымен қатар «Шамандық өркениеттің іздері» атты тақырыпта халықаралық ксилография көрмесін жасайды.